Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қазанда № 5673 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 23.07.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 10 тамыздағы № 16-8/74 ұсынысы негізінде, Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Есет Көтібарұлы ауылдық округінде орналасқан "Нұралы" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есет Көтібарұлы ауылдық
округі әкімінің міндетін атқарушы
М. Кенжалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады