Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 07.12.2017 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 16-8/75 ұсынысы негізінде, Шетырғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жануарлар арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты, профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін Шетырғыз ауылдық округінің Қаратоғай ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шетырғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Ж. Табынбеков |