Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 16-8/114 ұсынысы негізінде, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шетырғыз ауылдық округінің Қаратоғай ауылы аумағында жануарлар арасында құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Шетырғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5648 тіркелген, 2017 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шетырғыз ауылдық округінің әкімі | Ж. Табынбеков |