Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 34 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 5803 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 27.03.2018 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 16-8/111 ұсынысы негізінде, Біршоғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жануарлар арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты, Біршоғыр ауылдық округінің, Біршоғыр ауылы, Ақтан баба көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Біршоғыр ауылдық округінің әкімі А. Жұбаназар

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима Биршогырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области от 20 декабря 2017 года № 34. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 8 января 2018 года № 5803. Утратило силу решением акима Биршогырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области от 27 марта 2018 года № 12

      Сноска. Утратило силу решением акима Биршогырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области от 27.03.2018 № 12 (решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Шалкарская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 10 ноября 2017 года № 16-8/111 аким Биршогырского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с выявлением заболевания бешенства среди животных, установить ограничительные мероприятия на территории улицы Актан баба в селе Биршогыр Биршогырского сельского округа.

      2. Контроль за исполнением настаящего решения оставляю за собой.

      3. Настаящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Биршогырского сельского округа А. Жұбаназар