Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің 27.03.2018 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 16-8/111 ұсынысы негізінде, Біршоғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жануарлар арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты, Біршоғыр ауылдық округінің, Біршоғыр ауылы, Ақтан баба көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Біршоғыр ауылдық округінің әкімі | А. Жұбаназар |