Алматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 14-81 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 1 маусымда № 4221 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Aлматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Aлматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжановичқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы облыстық мәслихатының
      сессия төрағасы А. Сүлейменов
      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов

  Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 14-81 шешімімен бекітілген қосымша

Алматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Aлматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Aлматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.
      2. Aлматы облысының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.
      3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Алматы облысы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді.
      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.
      6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Алматы облысы әкімінің қарауына қабылданбайды.
      7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.
      8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі.
      Құрмет грамотасын Алматы облысының әкімі тапсырады, сондай-ақ Алматы облысы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері және Алматы облысының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.
      9. Құрмет грамотасына Алматы облысы әкімінің қолы қойылады.
      10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Алматы облысы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.
      11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратына жолданады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Алматинской области

Решение Алматинского областного маслихата от 26 апреля 2017 года № 14-81. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 1 июня 2017 года № 4221

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Алматинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Положение о награждении Почетной грамотой Aлматинской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Алматинского областного маслихата Курманбаева Ерлана Бахытжановича.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      Алматинского
      областного маслихата А.Сулейменов
      Секретарь Алматинского
      областного маслихата С.Дюсембинов

  Приложение утвержденное решением Алматинского областного маслихата от 26 апреля 2017 года № 14-81

Положение о награждении Почетной грамотой Алматинской области

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Aлматинской области разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой Aлматинской области.

      2. Почетная грамота Алматинской области (далее - Почетная грамота) является важным моральным стимулом, выражением общественного признания плодотворной деятельности граждан.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане имеющие не менее 5 лет стажа в сфере деятельности за значительные достижения в экономике, в социальной сфере, науке, культуре, образовании, здравоохранении, в воинской и государственной службе, в общественной, государственной, благотворительной деятельности.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      4. Представление к награждению акиму Алматинской области вносят местные представительные и исполнительные органы, творческие союзы, трудовые коллективы и другие организации.

      5. Ходатайство о награждении Почетной грамотой оформляется на государственном и русском языках с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), даты рождения, сведений об образовании, места работы (с указанием полного наименования организации в соответствии с учредительными документами и полного наименования занимаемой должности на дату внесения ходатайства), сведений о трудовой деятельности, о наградах и почетных званиях.

      6. Неправильно оформленные и поступившие в срок менее чем за десять рабочих дней до награждения ходатайство к рассмотрению акима Алматинской области не принимается.

      7. Представление к очередной награде возможно только по истечении пяти лет со дня предыдущего награждения.

      8. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке.

      Почетную грамоту вручает аким Алматинской области, а также от имени акима Алматинской области и по его поручению Почетную грамоту могут вручать акимы районов, городов областного значения и другие лица уполномоченные акимом Алматинской области.

      9. Почетная грамота подписывается акимом Aлматинской области.

      10. Ведение документации и учет осуществляется аппаратом акима Aлматинской области.

      11. О вручении Почетной грамоты составляется протокол вручения, подписывается лицом вручившим награду и скрепляется печатью органа, вручившего награду и в течение трех рабочих дней направляется в аппарат акима Алматинской области.