1. Aлматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжановичқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихатының | |
сессия төрағасы | А. Сүлейменов |
Алматы облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Дүйсембінов |
Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 14-81 шешімімен бекітілген қосымша |
Алматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Aлматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Aлматы облысының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.2. Aлматы облысының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.
3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.
2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
4. Алматы облысы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді.5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.
6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Алматы облысы әкімінің қарауына қабылданбайды.
7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.
8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі.
Құрмет грамотасын Алматы облысының әкімі тапсырады, сондай-ақ Алматы облысы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері және Алматы облысының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.
9. Құрмет грамотасына Алматы облысы әкімінің қолы қойылады.
10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Алматы облысы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.
11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратына жолданады.