"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарасай ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі мен Үшқоңыр ауылы Шамалған ауылдық округі және Шамалған ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | М. Мәлтекбасов |
Алматы облысының | |
әкімі | А. Баталов |
Алматы облыстық мәслихатының | |
хатшысы | С. Дүйсембінов |