2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 16, 69-баптарына, "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырының "А", "В" және "С" желісі желілік бөлігін пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшiне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. | Л. Тұрлашов |
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "15" қыркүйектегі "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырының желілікбөлігін пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" № 368 қаулысына қосымша |
Аудан атауы | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі (гектар) | оның ішінде | |||||||
ауыл шараушылығы алқаптары (гектар) | оның ішінде | селитебтік аумақ (гектар) | басқа да алқаптар (гектар) | ||||||
егістік (гектар) | шабындық (гектар) | жайылым (гектар) | |||||||
барлығы | оның ішінде суармалы | ||||||||
"А", "В" желісі | |||||||||
1 | Еңбекшіқазақ | 504,6176 | 494,2888 | 199,3438 | 179,1609 | 37,5414 | 257,4036 | - | 10,3288 |
2 | Жамбыл | 287,4943 | 286,8339 | 15,2088 | - | 15,7463 | 255,8788 | - | 0,6604 |
3 | Іле | 210,1534 | 206,3849 | 61,94 | 16,602 | - | 144,4449 | - | 3,7685 |
4 | Қарасай | 49,2122 | 48,5331 | 31,2099 | - | - | 17,3232 | - | 0,6791 |
5 | Панфилов | 106,4138 | 103,3831 | 2,352 | 2,352 | 8,6055 | 92,4256 | - | 3,0307 |
6 | Талғар | 68,1348 | 65,5967 | 27,8865 | 7,9316 | - | 37,7102 | 0,1095 | 2,4286 |
7 | Ұйғыр | 133,649 | 129,1455 | 40,5336 | 39,6685 | 24,9748 | 63,6371 | - | 4,5035 |
"С" желісі | |||||||||
1 | Еңбекшіқазақ | 258,6306 | 253,5101 | 99,9059 | 88,2979 | 17,7394 | 135,8648 | - | 5,1205 |
2 | Жамбыл | 147,0008 | 146,6869 | 9,8244 | - | 4,6112 | 132,2513 | - | 0,3139 |
3 | Іле | 110,5505 | 108,0495 | 33,0441 | 9,2609 | - | 75,0054 | - | 2,501 |
4 | Қарасай | 25,6634 | 25,2303 | 23,8960 | - | - | 1,3343 | - | 0,4331 |
5 | Панфилов | 58,7271 | 57,5332 | 1,3549 | 1,3549 | 4,6778 | 51,5005 | - | 1,1939 |
6 | Талғар | 37,072 | 34,3512 | 16,0579 | 5,384 | - | 18,2933 | 0,4293 | 2,2915 |
7 | Ұйғыр | 72,2167 | 69,6488 | 21,5673 | 21,2305 | 13,6973 | 34,3842 | - | 2,5679 |