Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі № 270 "Текелі қаласында мүгедектерге жұмыс орнын белгілеу квотасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-3-51 тіркелген, 2008 жылдың 04 қыркүйегінде "Текелі тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Б. Өнербаев |