Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 10.10.2024 № 996 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудан әкімінің орынбасары Нұрғисанов Дәулет Дюсенәлиевичке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ысқақ |