"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілің ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Т. Байедилов |
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 996 қаулысына қосымша |
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
1. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Еңбекшіқазақ ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 1136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-8-191 болып тіркелкен);
2. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 1137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2-8-190 болып тіркелкен);
3. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 ақпандағы "Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2310 болып тіркелген);
4. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 1084 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2773 болып тіркелген);
5. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы ""Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3096 болып тіркелген);
6. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы ""Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 88 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3759 болып тіркелген);
7. Еңбекшіқазақ ауданы әкімігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 546 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4292 болып тіркелген);
8. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 548 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4293 болып тіркелген);
9. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі "Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 547 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4294 болып тіркелген);
10. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4162 болып тіркелген).