"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлжан Алтынбековна Камамбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ ауданының әкімі | Б. Алиев |
Кербұлақ ауданы әкімінің 2017 жылғы "19" қыркүйектегі № 03 шешіміне қосымша |
Кербұлақ ауданы әкімінің күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 тіркелген, 2015 жылдың 4 наурызында "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);
2. "Кербұлақ ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 06 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3678 тіркелген, 2016 жылдың 27 қаңтарында Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);