Кербұлақ ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 03 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 3 қазанда № 4338 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлжан Алтынбековна Камамбаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ ауданының әкімі Б. Алиев

  Кербұлақ ауданы әкімінің 2017 жылғы "19" қыркүйектегі № 03 шешіміне қосымша

Кербұлақ ауданы әкімінің күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 тіркелген, 2015 жылдың 4 наурызында "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

      2. "Кербұлақ ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 06 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3678 тіркелген, 2016 жылдың 27 қаңтарында Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады