Талғар ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi мен схемасын бекіту туралы

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 01-04 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 21 ақпанда № 4101 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талғар ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Талғар ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15 қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Талғар ауданы әкімдігінің "Талғар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi мен схемасын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 тамыздағы № 08-1130 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 тіркелген, 2015 жылдың 7 тамызында аудандық "Талғар" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д. Қыдырбек-ұлына жүктелсiн.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Ә. Тойбаев

  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша

Талғар ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi

1. Жалпы ережелер

      1. Талғар ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі - Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес әзірленген.

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

      2. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
      3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
      4. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
      5. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi – тапсырыс берушi) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
      6. Тапсырыс берушi оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкiн.
      Бұл жағдайда тапсырыс берушi осы Қағидалардың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.
      7. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушiнiң жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      8. Өтiнiмде балаларды тасымалдау күнi (күндерi), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктiлер), отырғызу және түсiру орындары, тегi, аты, әкесiнiң аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбiр автобус бойынша ерiп жүретiн ересек көрсетiледi.
      Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.
      Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.
      9. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар бастықтарының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерi, маршруты, мезгiлдерi, дайындау және жол жүрудi өткiзу тәртiбi, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар регламенттелiнедi.
      10. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
      11. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс. Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
      12. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.
      13. Балалардың топтарын көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.
      Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.
      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
      14. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      15. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын белгiлеуге жол берiледi).
      16. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
      17. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiден патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы жол полициясы органдарының мiндеттi белгiлеу бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады. Аталған белгiсiнсiз автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды. Өз кезегiнде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн жол полициясы органдарын хабардар етедi.
      18. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 м қашықтықта орналасуы тиiс.
      19. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн автобустарды бөлу кезiнде тасымалдаушы лектердiң үлкенiн тағайындауға (үш және одан да көп автобус кезiнде көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екi автобус кезiнде – осы автобустардың жүргiзушiлерiнiң санынан; үлкенi болып тағайындалған жүргiзушiнiң автобустарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс) тиiс.
      20. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
      21. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
      Нұсқаманың өткiзiлуi туралы белгi және нұсқама алған тұлғаның қолы нұсқаманы есепке алу туралы арнайы журналға қойылады. Iлесiп жүрушiлер нұсқаманы өтпесе, автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды.
      22. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
      Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
      Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
      23. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      24. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер балаларды отырғызу (түсiру) және бағыт бойынша қозғалу кезiнде автобус бойынша ерiп жүрушiлердiң нұсқауларын орындайды, егер олар Жол қозғалысы ережелерiне, осы Қағидалар талаптарына, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң өзге де талаптарына қайшы келмесе және егер осы нұсқаулар ерiп жүрушiлердiң құзыретi аясына кiретiн болса (балалардың тәртiбi, олардың денсаулығы және қауiпсiздiгi).
      25. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      26. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан жүгiрiп шығуына, жүру бөлiгiнiң шетiнде топтануына жол бермейдi.
      27. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
      Отырғызған кезде жеке заттар баланың бiр қолына сыйуы тиiс, басқа
      қолымен ол баспалдақпен салонға көтерiлген кезде тұтқадан ұстауы тиiс.
      28. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

3. Қорытынды

      29. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелінеді.

  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 2 қосымша

Сүт-тауарлы фермасы № 1 шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Талғар қаласының Т. Рысқұлов атындағы № 9 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 3 қосымша

№ 1 Бригада шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Белбұлақ ауылының №10 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 4 қосымша

"Бәйдібек", "Төле би", "Дулат" шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Нұра ауылының № 12 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 5 қосымша

"Жаңақұрылыс", Еламан шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Жалғамыс ауылының № 15 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 6 қосымша

Орман, Береке шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Алатау ауылының №16 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 7 қосымша

Амангелді, Байбұлақ шалғайдағы елді мекендеріндетұратын балаларды Алмалық ауылының №18 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 8 қосымша

Ақбұлақ, МСБ (Мемлекеттік сорт бөлімшесі), Қотырбұлақ шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Бесқайнар ауылының № 20 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 9 қосымша

Қайнар, Сақтан, Алмарай, Тереңқара, Каменное плато шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Төңкеріс ауылының № 23 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 10 қосымша

Көктал, Байсерке Аэродромының оңтүстік-шығыс жағындағы жаңақұрылыс, Еркін ауылының оңтүстік-шығыс жағындағы жаңақұрылыс шалғайдағы елді мекендеріндетұратын балаларды Еркін ауылының № 26 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 11 қосымша

"Восход", "Луч", "Самал", "Апорт" саяжай қоғамдастықтарында тұратын балаларды Бесағаш ауылының № 28 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 12 қосымша

"Ақбұлақ" шалғайдағы елді мекендерінде, "Монтажник" саяжай алабында тұратын балаларды Бесағаш ауылының № 29 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 13 қосымша

Қаратоған шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Туғанбай ауылының № 30 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 14 қосымша

Арқабай шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Панфилов ауылының № 33 орта мектебіне тасымалдаудың схемасы


  Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қаңтардағы № 01-04 қаулысымен бекітілген № 15 қосымша

"Восход", "Луч", "Самал", "Апорт" саяжай қоғамдастықтарында тұратын балаларды Бесағаш ауылының № 45 мектеп-гимназиясына тасымалдаудың схемасы


Об утверждении порядка и схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Талгарского района

Постановление акимата Талгарского района Алматинской области от 11 января 2017 года № 01-04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 21 февраля 2017 года № 4101

      В соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", акимат Талгарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Талгарского района согласно приложению № 1 к настоящему постановлению.
      2. Утвердить схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Талгарского района согласно приложениям № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15 к настоящему постановлению.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Талгарского района "Об утверждении порядка и схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Талгарского района" от 28 августа 2015 года за № 08-1130 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3453, опубликован 7 августа 2015 года в районой газете "Талгар").
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Д. Кыдырбек-улы.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
      акима района А. Тойбаев

  Приложение № 1 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от 11 января 2017 года № 01-04

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Талгарского района

1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Талгарского района (далее - Порядок) разработан в соответствии со статьей 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", а также в соответствии с Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденного приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 (далее - Правила).

2. Порядок перевозок детей

      2. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями настоящих Правил и с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.
      3. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.
      4. Общее количество перевозимых в автобусе детей и взрослых не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.
      5. Заказчиком услуг по перевозке детей (далее – заказчик) могут выступать физические или юридические лица, ответственные за организацию специальных перевозок детей.
      6. Заказчик также самостоятельно выполняет функции перевозчика в случае возможности предоставления им подобных услуг.
      В таком случае заказчик соблюдает требования настоящих Правил в отношении перевозчиков.
      7. Перевозки детей автобусами осуществляются перевозчиками на основании письменных заявок заказчиков услуг по перевозке детей.
      8. В заявке указываются дата (даты), время перевозки детей, их количество
      и возраст, маршрут следования (начальные, конечные и промежуточные пункты), места посадки и высадки, фамилия, имя, отчество и должность ответственного за организацию перевозки детей и взрослых, сопровождающих по каждому автобусу.
      В случае выделения дополнительно к заказываемым автобусам собственного транспорта заказчика указывается количество выделяемых для перевозки единиц транспорта.
      Заявка подписывается руководителем организации – заказчика или его заместителем.
      9. Перед выполнением перевозок заказчик оформляет решение об организации перевозки детей приказом, регламентировав в нем обязанности должностных лиц, руководителей групп, сопровождающих, маршрут, сроки, порядок подготовки и проведения поездки, мероприятия по обеспечению безопасности детей.
      10. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.
      11. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.
Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.
      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      В осеннее-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      12. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      13. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь и др.) не допускается. В период суток с 22.00 до 06.00 часов в порядке исключения допускается перевозка детей к железнодорожным вокзалам и аэропортам и от них, а также при задержках в пути до ближайшего места отдыха (ночлега).
      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.
      14. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.
      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.
      15. На каждый автобус, осуществляющий перевозку детей, заказчик назначает ответственных лиц из числа сотрудников организации – заказчика или родителей, которые сопровождают детей до места их назначения (при осуществлении регулярных перевозок детей в школу, иные учебные заведения допускается назначать ответственными учащихся старших классов, прошедших специальный инструктаж для сопровождающих).
      16. Массовые перевозки организованных групп детей и перевозки организованных групп детей на дальние расстояния выполняются перевозчиком только при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).
      17. При осуществлении массовых перевозок детей перевозчиком предоставляется от заказчика письменная заявка с обязательной отметкой органов дорожной полиции о выделении сопровождения колонны патрульным автомобилем. Без данной отметки автобусы заказчику не представляются. В свою очередь, перевозчик, при осуществлении массовых перевозок детей также уведомляет органов дорожной полиции для принятия мер по усилению надзора за движением на маршруте.
      18. При подготовке к массовым перевозкам детей и перевозке детей на дальние расстояния перевозчик совместно с заказчиком проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия; наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее 30 м от места стоянки автобуса.
      19. При выделении автобусов для массовой перевозки детей перевозчик назначает старшего колонны (при трех и более автобусах – из числа лиц, ответственных за безопасность движения или эксплуатацию транспортных средств, а при двух – из числа водителей этих автобусов; водитель, назначаемый старшим, стаж работы на автобусах не менее 5 лет).
      20. Назначенные заказчиком для сопровождения детей лица проходят специальный инструктаж по обеспечению безопасности перевозки детей автобусами.
      21. Инструктаж проводит лицо, ответственное за обеспечение безопасности дорожного движения или эксплуатацию транспортных средств, принадлежащих перевозчику.
      Отметки о проведении инструктажа и роспись лиц, прошедших инструктаж, фиксируются в специальном журнале учета инструктажей. Без прохождения сопровождающими инструктажа автобусы заказчику не предоставляются.
      22. Для перевозки детей допускаются водители:
      1) в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет;
      2) имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет;
      3) не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения.
      Стаж работы водителя в организации, которая направляет его на перевозку детей, составляет не менее трех лет.
      Водители, назначаемые на перевозки детей автобусами вместимостью более 41 места, а также на любые перевозки детей в междугородном сообщении, должны иметь стаж работы на автобусах не менее пяти лет.
      23. Водителю автобуса при перевозке детей не позволяется:
      1) следовать со скоростью более 60 км/час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;
      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.
      24. При посадке (высадке) детей и при движении по маршруту водители, осуществляющие перевозки детей, выполняют указания сопровождающих по автобусу, если они не противоречат Правилам дорожного движения, требованиям настоящих Правил, иным требованиям безопасности дорожного движения и если эти указания входят в сферу компетенции сопровождающих (поведение детей, их здоровье и безопасность).
      25. Сопровождающие обеспечивают надлежащий порядок среди детей во время посадки в автобус и высадки из него, при движении автобуса, во время остановок.
      26. Посадка детей в автобус производится после полной остановки автобуса на посадочной площадке под руководством сопровождающих и под наблюдением водителя (при массовых перевозках, кроме того, под наблюдением ответственного за организацию перевозки).
      При подъезде транспортного средства сопровождающие не допускают, чтобы дети побежали навстречу ему, скучивались у края проезжей части.
      27. Сопровождающие подводят детей к месту посадки в организованном
      порядке (младших детей – построенных попарно). Посадка производится через переднюю дверь автобуса.
      При посадке личные вещи должны умещаться в одной руке ребенка, другой рукой при подъеме по ступенькам в салон он должен держаться за поручень.
      28. Движение автобуса с места посадки (высадки) водителю разрешается начинать только после сообщения сопровождающего об окончании посадки (высадки) и полного закрытия дверей автобуса.

3. Заключение

      29. Отношение не урегулированные настоящим порядком перевозки в общеобразовательные школы детей регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение № 2 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Молочно-товарная ферма № 1 в среднюю школу № 9 имени Т. Рыскулова города Талгар


  Приложение № 3 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Бригада № 1в среднюю школу № 10 села Бельбулак


  Приложение № 4 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах "Байдибек", "Толе би", "Дулат" в среднюю школу № 12 села Нура


  Приложение № 5 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах "Жанакурылыс", Еламан в среднюю школу № 15 села Жалгамыс


  Приложение № 6 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Орман, Береке в среднюю школу № 16 села Алатау


  Приложение № 7 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Байбулак, Амангелди в среднюю школу № 18 села Алмалык


  Приложение № 8 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Акбулак, ГСУ (Государственный сорт участок), Котырбулак в среднюю школу № 20 села Бескайнар


  Приложение № 9 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Кайнар, Сактан, Алмарай, Теренкара, Каменное плато в среднюю школу № 23 села Тонкерис


  Приложение № 10 утвержденное остановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Коктал, новостройке на юго-восточной стороне Аэродрома Байсерке, новостройке на юго-восточной стороне села Еркин в среднюю школу № 26 села Еркин


  Приложение № 11 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в дачных сообществах "Восход", "Луч", "Самал", "Апорт" в среднюю школу № 28 села Бесагаш


  Приложение № 12 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в дачном массиве "Монтажник", в отдаленных населенных пунктах "Акбулак" в среднюю школу № 29 села Бесагаш


  Приложение № 13 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Каратоган в среднюю школу № 30 села Туганбай


  Приложение № 14 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Аркабай в среднюю школу № 33 села Панфилова


  Приложение № 15 утвержденное постановлением акимата Талгарского района от "11" января 2017 года № 01-04

Схема перевозки детей, проживающих в дачных сообществах "Восход", "Луч", "Самал", "Апорт" в среднюю школу-гимназию № 45 села Бесагаш