РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 24 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысының мынадай ауылдық округі мен ауылдар:
1) Жамбыл ауданы Пионер ауылдық округі Қарасу ауылдық округі;
2) Жамбыл ауданы Пионер ауылдық округінің Пионер ауылы Ащыбұлақ ауылы;
3) Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округінің Октябрь-Жеміс ауылы Шоқай ауылы;
4) Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің Қызылтаң ауылы Әулиекөл ауылы;
5) Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің Октябрь ауылы Кемел ауылы;
6) Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округінің Кеңес ауылы Айдарлы ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі | А. Мырзахметов |
Облыстық мәслихаттың сессиясының төрағасы | М. Ескендіров |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Қарашолақов |