Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 15.07.2020 № 2107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі барлық жолаушылар үшін – 65 (алпыс бес) теңге;
- мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 30 (отыз) теңге;
- мектеп оқушылардың айлық бірыңғай жүру билеті – 1000 (мың) теңге болып бекітілсін.
2. "Тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 572 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3155 болып тіркелген, 2016 жылы 1 қыркүйекте "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындауын бақылау қала әкімінің орынбасары Мақсат Кеңесханұлы Ахаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданықа енгізіледі.
Қала әкімі | Р. Дәулет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Тараз қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Күлекеев
20 июня 2017 жыл