Тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қаласы 2017 жылғы 20 маусымдағы № 469 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 маусымда № 3474 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 2107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 15.07.2020 № 2107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі барлық жолаушылар үшін – 65 (алпыс бес) теңге;

      - мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 30 (отыз) теңге;

      - мектеп оқушылардың айлық бірыңғай жүру билеті – 1000 (мың) теңге болып бекітілсін.

      2. "Тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 572 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3155 болып тіркелген, 2016 жылы 1 қыркүйекте "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындауын бақылау қала әкімінің орынбасары Мақсат Кеңесханұлы Ахаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданықа енгізіледі.

      Қала әкімі Р. Дәулет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Тараз қалалық

      мәслихатының хатшысы

      Б. Күлекеев

      20 июня 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады