РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Құлтайұлы Уркумбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Көпбосынов |
Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылдың 06 маусымдағы № 160 қаулысына қосымша |
2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері | Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуы |
1 |
Күздік бидай |
2017 жылғы 10 қыркүйектен – 10 қараша аралығы |
2 |
Жаздық арпа |
2017 жылғы 20 наурыздан – 10 мамыр аралығы |
3 |
Майлы дақылдар |
2017 жылғы 15 сәуірден – 25 мамыр аралығы |
4 | Дәндік жүгері | 2017 жылғы 05 мамырдан – 25 мамыр аралығы |
5 | Соя | 2017 жылғы 15 сәуірден – 15 мамыр аралығы |
6 | Көп жылдық шөп | 2017 жылғы 20 наурыздан – 15 сәуір аралығы |
7 | Бір жылдық шөп | 2017 жылғы 20 наурыздан – 15 сәуір аралығы |
8 | Картоп | 2017 жылғы 15 сәуірден – 25 мамыр аралығы |
9 | Көкөніс | 2017 жылғы 01 мамырдан – 25 мамыр аралығы |
10 | Бақша | 2017 жылғы 05 мамырдан – 25 мамыр аралығы |
11 |
Жеміс жидектер |
2017 жылғы 25 қазаннан – 15 қараша аралығы |
12 | Қант қызылшасы | 2017 жылғы 10 сәуірден – 10 мамыр аралығы |