РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылдың 29 наурызындағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Бетқайнар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бетқайнар ауылдық округі Бетқайнар ауылының оңтүстік жағынан Мұратбаев кешесіне және солтүстік жағынан Қордай-Шу автотрассасына қатарлас орналасқан көшеге Жетісу атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бетқайнар ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Е. Омарбаев |