Көше атауын беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 24 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 маусымда № 3477 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылдың 29 наурызындағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Бетқайнар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бетқайнар ауылдық округі Бетқайнар ауылының оңтүстік жағынан Мұратбаев кешесіне және солтүстік жағынан Қордай-Шу автотрассасына қатарлас орналасқан көшеге Жетісу атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бетқайнар ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Е. Омарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады