РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сортөбе ауылдық округінің Сортөбе, Бұлар батыр ауылдары көшелерінің атаулары өзгертілсін:
1) Сортөбе ауылы бойынша:
Ленин көшесі - Алтын Орда;
Дружба көшесі – Даңқ;
Молодежная көшесі – Ақсұңқар;
Школьная көшесі – Баласағұн.
2) Бұлар батыр ауылы бойынша:
Карл Маркс көшесі – Өркениет;
Набережная көшесі – Сұлусай;
Степная көшесі – Кеңдала.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сортөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Гаровқа жүктелсін.
2. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | И. Буларов |