Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 02.05.2023 № 2-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед)і шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылдың 20 мамырындағы № 3-5 (Нормативтік қықықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3113 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдедегі № 84-85 "Меркі тынысы - Меркенский вестник" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтағы "5 000 (бес мың)" теңге деген сан "8 000 (сегіз мың) теңге санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық, қаржы, бюджет пен салық және жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Б. Бектұрғанов | І. Ахметжанов |