Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Досаев |
Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 107 қаулысына қосымша |