Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 21.12.2017 № 21-7 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2057 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №100 "Шу өңірі"-"Шуская долина" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
8- тармақ келесі басылымда жазылсын:
"дәрілік заттарға туберкулез аурумен, амбулаториялық ем жалғастырушы тұлғаларға ай сайын 21871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге, ал туберкулездің 1 және 2 санатында қысқа мерзімде (6-8 ай) амбулаториялық ем алатын адамдарға 10 000 (он мың) теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі".
9 тармағының бірінші, екінші абзацы алынып тасталынсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Мәслихат хатшысы |
Н. Қадырбеков | Е. Өмірәлиев |