РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 17 мамырдағы №145 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылына карантин режимін еңгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ертай Уланович Исагуловке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Округ әкімі | Б. Байдаулетов |
Шу ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы "Ақтөбе ауылдық округі Ақтөбе ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" №2 шешіміне келісім парағы
"Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Шу аудандық
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі
Басшы Ш. Жапабааев
"12" маусым 2017 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Шу аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік
мекемесі
Басшы С. Таңсықов
"12" маусым 2017 жыл
Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау министірлігі
қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Шу аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқамасы
Басшы М. Болотин
"12" маусым 2017 жыл