Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылына карантин режимін еңгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 шілдеде № 33482 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 17 мамырдағы №145 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылына карантин режимін еңгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ертай Уланович Исагуловке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Округ әкімі Б. Байдаулетов

      Шу ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы "Ақтөбе ауылдық округі Ақтөбе ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" №2 шешіміне келісім парағы

      "Жамбыл облысы Ішкі істер

      департаментінің Шу аудандық

      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі

      Басшы Ш. Жапабааев

      "12" маусым 2017 жыл

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Шу аудандық

      аумақтық инспекциясы мемлекеттік

      мекемесі

      Басшы С. Таңсықов

      "12" маусым 2017 жыл

      Қазақстан Республикасы

      денсаулық сақтау министірлігі

      қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің

      Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Шу аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқамасы

      Басшы М. Болотин

      "12" маусым 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады