РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 103 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Құстүтінова Гүлназ Ердаулетқызына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Б. Төлендиев |
Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 мамырдағы "Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" № 15 шешіміне келісім парағы
"Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Шу аудандық
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
Мекемесі
Басшы Ш. Жапабааев
18.05.2017 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Шу аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік
мекемесі
Басшы С. Таңсықов
18.05.2017 жыл
Қазақстан Республикасы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
"Шу ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік
мекемесі
Басшы М. Болотин
18.05.2017 жыл