Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 22.07.2020 № 46/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14469 тіркелген) өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 831 бұйрығына, "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14327 тіркелген) өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 785 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3427 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда, "Индустриальная Караганда" газетінде 2015 жылғы 20 қазандағы № 144 (21895), "Орталық Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 20 қазандағы № 169 (22053) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші қызыл жолдары келесі редакцияда мазмұндалсын:
"5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір процедураның (әрекеттің) мазмұны.
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде:
қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады. Нәтиже – құжаттарды қызмет берушінің басшылығына қарар қабылдауға жібереді;
қызмет берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде кіріс құжаттарымен танысады және қызмет берушінің жауапты атқарушысын белгілейді. Нәтиже – мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қызмет берушінің жауапты атқарушысына жібереді;
қызмет берушінің жауапты атқарушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарастырады, қызметті алушыға лицензия жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап дайындайды. Нәтиже – санитарлық-эпидемиологиялық саулық (бұдан әрі – мүдделі орган) саласындағы мемлекеттік органға сұраныс жібереді немесе бас тарту туралы уәжделген жауап береді. Ұсынылған құжаттардың осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;";
5-тармақтың 2) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады. Нәтиже – құжаттарды қызмет берушінің басшылығына қарар қабылдауға жібереді;";
5-тармақтың 3) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады. Нәтиже – құжаттарды қызмет берушінің басшылығына қарар қабылдауға жібереді;";
7-тармақтың 1) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"қызмет берушінің кеңсе маманы жеке және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - қызмет алушы) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады;";
7-тармақтың 2) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады;";
7-тармақтың 3) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады;".
2. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/03 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3428 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда, "Индустриальная Караганда" газетінде 2015 жылғы 22 қазандағы № 145-146 (21896-21897), "Орталық Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 22 қазандағы № 170-171 (22055) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қызметтерін берушілерді таңдау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) хатшысы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қызметтерін берушілерді таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімін (бұдан әрі - өтінім) қабылдауды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады– орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;";
9-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"9. Мемлекеттік корпорацияның жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығын сипаттау:
құжаттарды қабылдаған кезде қызметті алушыға тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішің және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өзге де құжаттарын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦК-мен куәландырылған Мемлекеттік корпорация интеграциялық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация ИАЖ) арқылы электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация ИАЖ-да көрсетілетін қызмет алушының сұрауын тіркеу және өңдеу кезіндегі Мемлекеттік корпорация жұмысшыларының іс-қимылдарын сипаттау:
1) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорация ИАЖ-сінің ақпараттық жұмыс орнына логинді және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізуі;
2) 2-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанының шығуы және Мемлекеттік корпорация операторының қызмет алушының, сондай-ақ сенім хат бойынша қызмет алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізуі;
3) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына қызмет алушының мәліметтері туралы сұрауын, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне - қызмет алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы жолдау;
4) 1-шарт - жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына қызмет алушының мәліметтерінің және бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінде сенім хат мәліметтерінің бар болуын тексеру;
5) 4-үдеріс – қызмет алушының жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына және сенімхаттың бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінде мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
6) 5-үдеріс – электрондық үкіметтің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына электрондық үкімет шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұранысын) жолдау;
7) 6-үдеріс – 15 минут ішінде Мемлекеттік корпорация ИАЖ ақпараттық жұмыс орнына қалыптастырған мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын алушының алуы жеке басы куәлігін көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде.";
2) "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар не "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11303 тіркелді), (бұдан әрі – Стандарт) бекітілген Стандарттың 10-1-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.".
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4. Мемлекеттік қызметті алушымен стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураны (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.";
5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді - орындау мерзімі 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттары және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімше маманы ұсынылған құжаттарды қарайды және тиісті бұйрыққа сәйкес кадрлардың даярлықтан өткені (15 жұмыс күні), біліктіліктерін арттырғаны және қайта даярланғаны туралы құжатты ресімдейді 3 (үш) жұмыс күні және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
Басшы құжатқа 10 (он) минут ішінде қол қояды.";
6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"6. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, мынадай рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
ұсынылған құжаттарды қабыладу және олардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
құжатты ресімдеу және қол қоюға жіберу;
басшының қол қоюы;
көрсетілетін қызметті алушыға беру."
8-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманы құжаттарды қабылдауды жүзегеасырады,
ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді - орындау мерзімі 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттары және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Құрылымдық бөлімшенің маманы құжатты беру үшін ресімдейді және басшыға қол қоюға жібереді;
Ұйымның басшысы құжатқа қол қояды;".
4-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4. "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
10-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және веб-портал арқылы көрсетілмейді.".
3. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков