Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 46/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 шілдеде № 5960 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулыға қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 17 шілдесі
№ 44/02
қаулысына қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/02 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3427 тіркелген, 2015 жылғы 20 қазандағы № 169 (22 053) "Орталық Қазақстан" және 2015 жылғы 20 қазандағы № 144 (21895) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 20 қазанында жарияланған).

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/03 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3428 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қазандағы № 170-171 (22 055) "Орталық Қазақстан" және 2015 жылғы 22 қазандағы № 145-146 (21896-21897) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 20 қазанында жарияланған).

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/04 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3429 тіркелген, 2015 жылғы 24 қазандағы № 173-173 (22 057) "Орталық Қазақстан" және 2015 жылғы 24 қазандағы № 147-148 (21898-21899) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 қазанында жарияланған).

      4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 50/05 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3430 тіркелген, 2015 жылғы 27 қазандағы № 174 (22 058) "Орталық Қазақстан" және 2015 жылғы 27 қазандағы № 149-150 (21900-21901) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 қазаныңда жарияланған).

      5. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 71/05 "Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау саласындағы кейбiр қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3975 тіркелген, 2016 жылғы 15 қазандағы № 170 (22 275) "Орталық Қазақстан" және 2016 жылғы 15 қазандағы № 134 (22079) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2016 жылы 21 қазанда жарияланған).

      6. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 11/03 "Қарағанды облысы әкімдігінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4185 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 сәуірдегі № 35 (22 342) "Орталық Қазақстан" және 2017 жылғы 1 сәуірдегі № 35 (22148) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылы 31 наурызда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады