Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 31.01.2020 № 05/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №56/01 "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3473 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 қарашасында, 2015 жылдың 14 қарашасында № 165-166 (21916-21917) "Индустриальная Караганда", 2015 жылдың 14 қарашасында № 189-190 (22 074) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |