Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 08 маусымдағы № 34/03 қаулысына 1 қосымша |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
(орта буын мамандарын даярлау үшін)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
р/с | Техникалық және кәсіптік оқыту мамандықтарының коды | Мамандықтың атауы | 2017-2018 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 |
010000 - Білім беру | |||
1 | 0101000 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқу | 225 |
2 | 0102000 | Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру (деңгей бойынша) | 20 |
3 | 0103000 | Дене тәрбиесі және спорт | 100 |
4 | 0104000 | Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) | 30 |
5 | 0105000 | Бастауыш білім беру | 285 |
6 | 0106000 | Бейнелеу өнері және сызу | 30 |
7 | 0108000 | Музыкалық білім беру | 20 |
8 | 0111000 | Негізгі орта білім беру | 320 |
0400000 - Өнер және мәдениет | |||
9 | 0401000 | Кітапхана ісі | 14 |
10 | 0403000 | Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы (бейін бойынша) | 32 |
11 | 0404000 | Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) | 48 |
12 | 0405000 | Хор дирижеры | 16 |
13 | 0406000 | Музыка теориясы | 4 |
14 | 0407000 | Ән салу | 28 |
15 | 0408000 | Хореография өнері | 16 |
16 | 0409000 | Актерлік өнер | 27 |
0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару | |||
17 | 0501000 | Әлеуметтік жұмыс | 60 |
18 | 0512000 | Аударма ісі (түрлері бойынша) | 45 |
19 | 0514000 | Бағалау | 15 |
20 | 0515000 | Менеджмент (қолдану аясы және салалары бойынша) | 30 |
0600000 - Метрология, стандарттау және сертификаттау | |||
21 | 0601000 | Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) | 45 |
0900000 - Энергетика | |||
22 | 0914000 | Энергоаудит | 20 |
1200000 - Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалары бойынша). | |||
23 | 1205000 | Әуе жол көліктерінің қозғалысын басқару және пайдалану | 15 |
1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. | |||
24 | 1301000 | Электрондық құралдар мен құрылғылар | 20 |
1400000 - Құрылыс және коммуналдық шаруашылық | |||
25 | 1417000 | Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру | 20 |
26 | 1418000 | Сәулет өнері | 15 |
1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология | |||
27 | 1516000 | Өрт қауіпсіздігі | 75 |
Барлығы | 1575 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 08 маусымдағы № 34/03 қаулысына 2 қосымша |
Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
(жұмысшы біліктіліктер берумен мамандарды даярлау үшін )
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
р/с | Техникалық және кәсіптік оқыту мамандықтарының коды | Мамандықтың атауы | 2017-2018 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемі | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
0400000 - Өнер және мәдениет | ||||
1 | 0411000 | Театр-декорациясы өнері (бейін бойынша) | 20 | |
2 | 0413000 | Сәндік-қолданбалы өнері және халықтық кәсіпшілік (бейін бойынша) | 55 | |
0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару | ||||
3 | 0502000 | Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) | 45 | |
4 | 0506000 | Шаштараз өнері және сәндік косметика | 260 | |
5 | 0507000 | Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру | 45 | |
6 | 0508000 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | 625 | |
7 | 0509000 | Аяқ киім ісі | 15 | |
8 | 0510000 | Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолдану аясы және салалары бойынша) | 105 | |
9 | 0511000 | Туризм (салалар бойынша) | 35 | |
10 | 0516000 | Қаржы (салалар бойынша) | 30 | |
11 | 0518000 | Есеп және аудит (салалар бойынша) | 90 | |
0700000 - Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру | ||||
12 | 0702000 | Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы | 25 | |
13 | 0705000 | Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу | 25 | |
14 | 0707000 | Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 75 | |
15 | 0709000 | Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) | 25 | |
0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі | ||||
16 | 0814000 | Полимерлік өндіріс технологиясы | 15 | |
17 | 0816000 | Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) | 20 | |
18 | 0817000 | Коксохимиялық өндіріс | 20 | |
0900000 - Энергетика | ||||
19 | 0901000 | Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) | 70 | |
20 | 0902000 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 75 | |
21 | 0906000 | Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары | 25 | |
22 | 0907000 | Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) | 65 | |
23 | 0910000 | Электр және электр механикалық жабдықтар (түрлері бойынша) | 65 | |
24 | 0911000 | Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) | 25 | |
1000000 - Металлургия және машина жасау | ||||
25 | 1001000 | Домна пештерін жөндеу және қызмет көрсету | 20 | |
26 | 1002000 | Қара металдар металлургиясы (түрлері бойынша) | 20 | |
27 | 1003000 | Түсті металдар металлургиясы | 45 | |
28 | 1004000 | Құю өндірісі | 25 | |
29 | 1012000 | Икемді автоматты желілер | 25 | |
30 | 1013000 | Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика | 75 | |
1100000 - Көлік (салалары бойынша) | ||||
31 | 1108000 | Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) | 170 | |
32 | 1109000 | Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) | 95 | |
33 | 1112000 | Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану | 70 | |
34 | 1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 405 | |
35 | 1115000 | Өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар (түрлері бойынша) | 135 | |
36 | 1120000 | Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) | 25 | |
1200000 - Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалары бойынша). | ||||
37 | 1201000 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 885 | |
38 | 1202000 | Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) | 40 | |
39 | 1203000 | Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 150 | |
40 | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 245 | |
41 | 1226000 | Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру | 80 | |
1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. | ||||
42 | 1302000 | Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) | 90 | |
43 | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 330 | |
44 | 1305000 | Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) | 80 | |
45 | 1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | 15 | |
46 | 1307000 | Электр байланысы және желімен хабарлаудың желілік құрылыстарын пайдалану | 70 | |
1400000 - Құрылыс және коммуналдық шаруашылық | ||||
47 | 1401000 | Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану | 375 | |
48 | 1402000 | Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) | 175 | |
49 | 1403000 | Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) | 40 | |
50 | 1409000 | Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы | 20 | |
51 | 1410000 | Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы | 20 | |
52 | 1413000 | Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша) | 25 | |
53 | 1414000 | Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша) | 20 | |
54 | 1415000 | Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша) | 15 | |
1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология | ||||
55 | 1502000 | Агрономия | 15 | |
56 | 1504000 | Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) | 215 | |
57 | 1512000 | Зоотехния | 15 | |
58 | 1513000 | Ветеринария | 40 | |
59 | 1517000 | Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша) | 100 | |
Барлығы | 6025 |