Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 23/196 "Жезқазған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2633 тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, "Сарыарқа" газетінде 2014 жылғы 30 мамырдағы № 21 (7876) жарияланған);
2) Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 қарашадағы № 30/262 "Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2893 тіркелген, 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, "Сарыарқа" газетінде 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 (7912), "Жезказганский вестник" газетінде 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 (54) жарияланған) шешімімен бекітілген Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1- тармағы.
2. Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 13/138 Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 23/196 "Жезқазған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Бериков |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | С. Медебаев |