Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 12.04.2018 № 16/3 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Оспанұлы Спабековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 6/7 қаулысымен бекітілген |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
р/с № | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік |
жеке | мемлекеттік |
жеке | ||
1 |
Балабақша | 4902 | - |
3 жасқа дейін 8029 | - |
2 | Мектепке дейінгі шағын орталық толық күн болуымен | 338 | 339 | 3 жастан 6 жасқа дейін 10605 | - |
3 | Мектепке дейінгі шағын орталық жарты күн болуымен | - | 50 | - | - |
р/с № | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес | Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік |
жеке | мемлекеттік |
жеке | ||
1 | Балабақша (бөбекжай) | 23150 | - | 23150 | - |
2 | Мектепке дейінгі шағын орталық толық күн болуымен | 16388 | 17000 | 16388 | 17000 |
3 | Мектепке дейінгі шағын орталық жарты күн болуымен | - | 13260 | - | 13260 |