2018 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 16/3 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 4732 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Беріліп отырған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата–ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 6/7 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 4159 болып тіркелді, 2017 жылғы 6 наурызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 14 наурызда № 3 (17) "Стальная гвардия" газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қарағанды облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысының мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесі күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электронды және қағаз түрінде Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығында" ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулының мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесі күнтізбелік он күн ішінде Теміртау қаласының аумағында таратылатын мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Теміртау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Дәурен Жағыпарұлы Есімхановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі Ғ. Әшімов

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "12" сәуірдегі
№ 16/3 қаулысымен
бекітілген

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беретін ұйымның түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиеленушілер саны

Айына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

мемлекеттік

жеке

мемлекеттік

жеке

мемлекеттік

жеке

1

Балабақша (бөбекжай)

4786

140

3 жасқа дейін 8029
3 жастан 6 жасқа (7 жасқа) дейін 9912

11000

20662

26000

2

Мектепке дейінгі шағын-орталық

436

403

10605

11000

16945

26000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады