Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 21.12.2022 № 19/143 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Балқаш қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Власова |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | К. Тейлянов |
Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №16/130 шешіміне қосымша |
Балқаш қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 25.12.2019 № 35/284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтарың жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,46 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,54 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,72 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,04 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,53 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,95 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,023 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек -орын | 1,69 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,34 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,99 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,17 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1м² | 0,010 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,005 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м² | 0,09 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1м² | 0,66 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м² | 0,23 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1м² | 0,64 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1м² | 0,33 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1м² | 0,42 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1м² | 0,13 |
20 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1м² | 0,04 |
21 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м² | 0,41 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,66 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,00 |
24 | Гараж кооперативтерi | 1 гаражға | 0,45 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,45 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1м² | 0,40 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м² | 0,98 |
28 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,95 |
29 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1м² | 0,65 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,03 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,96 |
Ескертпе:
м3– текше метр
м2 – шаршы метр