Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 12.02.2019 № 06/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып еіркелген), "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып еіркелген) сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Саран қаласының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Ұйымдардың тізбесіне енгізілген Саран қаласының жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес, квота қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алты айдың ішінде мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.
3. Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру жолымен мүгедектердің, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | А. Шкарупа |
Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16.03 № 12/06 қаулысына 1-қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р.р | Ұйым атауы | Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскер-лердің орташа тізімдік санының %) | Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1 | "Оптимальный" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 111 | 3 | 3 |
2 | "Galex plus" Саран тігін және тоқыма фабрикасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 105 | 3 | 3 |
3 | "Промтехнология" ТКӨК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 56 | 2 | 1 |
4 | "Саран қаласы әкімдігінің № 6 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 118 | 3 | 4 |
5 | "Саран қаласы әкімдігінің № 17 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 83 | 2 | 2 |
6 | "Саран қаласы әкімдігінің № 16 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 112 | 3 | 3 |
Барлығы | 585 | 16 |
Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыз № 12/06 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р.р | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санының) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1 | Саран қаласы әкімдігі Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Саранькоммунсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 141 | 2 | 3 |
2 | "Абаттандыру" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 46 | 2 | 1 |
3 | "СКЭП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 33 | 2 | 1 |
4 | "Perfect Technologies Style" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 33 | 2 | 1 |
5 | Жеке кәсіпкер Чжен Анатолий Яковлевич | 43 | 2 | 1 |
Барлығы | 296 | - | 7 |
Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыз № 12/06 қаулысына 3-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р.с. | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санының) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1 | Саран қаласы әкімдігі Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Саранькоммунсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 141 | 2 | 3 |
2 | "Абаттандыру" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 46 | 2 | 1 |
3 | "СКЭП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 33 | 2 | 1 |
4 | "SUNPAPER" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 149 | 2 | 3 |
5 | Жеке кәсіпкер Чжен Анатолий Яковлевич | 43 | 2 | 1 |
Барлығы | 412 | - | 9 |