Негізгі конструкциялардың жұмысқа жарамдылық мәртебесіне қатысты ғылыми-зерттеу, сараптау және жобалау-іздестіру Қазақстандық қайта жаңарту және даму көп салалы институтымен берілген 2017 жылғы 31 наурыздағы техникалық қорытындының негізінде және Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. "Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Саран қаласы әкімінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 01 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4147 тіркелген, "Саран газеті" қалалық газетінде 2017 жылғы 24 ақпандағы № 8 (889), 2017 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Е. Темирханов |