Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 4147 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 07.11.2017 № 03 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Саран қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 1 хаттамасы негізінде, Саран қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Саран қаласының 3 ықшам ауданындағы № 13 үйде апатты жағдайдың туындауы мүмкін болуына байланысты объектіде объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Шкарупа

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады