Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қаңтарда № 4113 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 07.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, адам шығына және тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттілігіне әкеп соққан Шахан кенті 3 шағын аудан 4 тұрғын үйдің жартылай қирауына байланысты, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Шахтинск қаласының Шахан кентінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергенов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С. Аймаков

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера

Решение акима города Шахтинска Карагандинской области от 17 января 2017 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 17 января 2017 года № 4113. Утратило силу решением акима города Шахтинска Карагандинской области от 7 марта 2017 года № 2

      Сноска. Утратило силу решением акима города Шахтинска Карагандинской области от 07.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", в связи с обрушением части жилого дома в поселке Шахан микрорайон 3 дом 4, что привело к жертвам и необходимости отселения жителей на безопасное место, аким города Шахтинска РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера в поселке Шахан города Шахтинска.
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима города Шахтинска Тлеубергенова К. К. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким города С. Аймаков