Шахтинск қаласы әкімінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 1 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 наурызда № 4190 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қала әкімінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 1 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (2017 жылғы 17 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4113 тіркелген, 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 3 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С. Аймаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады