Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы XXXII сессиясының № 1095/32 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі XXVI сессиясының № 1010/26 "Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2942 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Шахтинский вестник" газетінде 2015 жылғы 20 ақпандағы № 7 жарияланған) шешімі;
2) Шахтинск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 мамырдағы IІ сессиясының № 1293/2 "Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3845 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Шахтинский вестник" газетінде 2016 жылғы 17 маусымдағы № 24 жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Горячев |
Мәслихат хатшысы | Ж. Мамерханова |