Шахтинск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы VI шақырылған ХVII сессиясының № 1446/17 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда № 4412 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы XXXII сессиясының № 1095/32 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі XXVI сессиясының № 1010/26 "Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2942 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Шахтинский вестник" газетінде 2015 жылғы 20 ақпандағы № 7 жарияланған) шешімі;

      2) Шахтинск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 мамырдағы IІ сессиясының № 1293/2 "Шахтинск қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3845 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Шахтинский вестник" газетінде 2016 жылғы 17 маусымдағы № 24 жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Горячев
      Мәслихат хатшысы Ж. Мамерханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады