Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 21.09.2017 № 03 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданының Көксу ауылдық округінде, Самарка ауылдық округінде, Юбилейное ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары М. Мағзин тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |