Абай ауданы әкімінің "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 4367 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылдың 24 тамызындағы № 7 хаттамасы негізінде, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Абай ауданы әкімінің 2017 жылғы 28 сәуіріндегі №2 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4252 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 16 мамырда жарияланған, 2017 жылғы 13 мамырында № 18 "Абай Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданы әкімінің м.а. М. Магзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады