Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының әкімінің 29.05.2018 № 1-ш (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №06-3-02-33/560 "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысының негізінде, Қарақұдық ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.
3. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Омарбаевич Садировке (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақұдық ауылының әкімі | О. Дюсембекова |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы |
ауыл шаруашылығы Министрлігі |
ветеринариялық бақылау және |
қадағалау Комитетінің |
Бұқар жырау аудандық аумақтық |
инспекциясы" басшысы |
Е. Садиров |
2017 жылдың 28 желтоқсан