Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2018 жылғы 11 мамырдағы № 06-3-02-27/149 "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысының негізінде, Қарақұдық ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлы іс– шараларды жүргізуіне байланысты Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының аумағынан белгіленген карантин алынсын.
2. Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №1-ш "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4515 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қаңтардағы № 1 (1242) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 9 қаңтарда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақұдық ауылы әкімінің міндетін атқарушы | Б. Мусина |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" басшысы |
Е. Садиров |
2018 жылдың 30 мамыр