Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 15.05.2019 № 7 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Ақтүбек ауылдық округінің Атасу стансасында, Целинный ауылдық округіндегі Орынбай, Ақшағат, Бидайық-2 ауылдарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бакытжан Мылтыкбаевич Муқанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Омаров |