Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 4241 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 15.05.2019 № 7 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Ақтүбек ауылдық округінің Атасу стансасында, Целинный ауылдық округіндегі Орынбай, Ақшағат, Бидайық-2 ауылдарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бакытжан Мылтыкбаевич Муқанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады