Нұра ауданы Құланөтпес ауылдық округіндегі ауылдарының көшелерін атау туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданының Құланөтпес селосының әкімінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қарашада № 4438 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Құланөтпес ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра ауданы Құланөтпес ауылдық округі Ақтүбек ауылындағы атауы жоқ көшеге "Сарыарқа" атауы берілсін.

      2. Нұра ауданы Құланөтпес ауылдық округі Нығыман ауылындағы атауы жоқ көшеге "Астана" атауы берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімінің
міндеттерін атқарушысы
А. Абенов

О наименовании улиц сел сельского округа Куланутпес Нуринского района

Решение акима села Куланутпес Нуринского района Карагандинской области от 3 ноября 2017 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 ноября 2017 года № 4438

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, Законом Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" от 8 декабря 1993 года и заключением Карагандинской областной ономастической комиссии от 4 июля 2017 года, аким села Куланутпес Нуринского района РЕШИЛ:

      1. Присвоить безымянной улице в селе Актубек сельского округа Куланутпес Нуринского района наименование "Сарыарқа".

      2. Присвоить безымянной улице в селе Ныгыман сельского округа Куланутпес Нуринского района наименование "Астана".

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
акима села
А. Абенов